“Балалар кітабы — тәрбиенің қуатты құралы”

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен “Балалар кітабы — тәрбиенің қуатты құралы” тақырыбында буккроссинг өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.