“Кітап — рухани қазына»

2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Кітап — рухани қазына» атты кітапханаға саяхат өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.