«Ұранды елдің — ұрпағы қайсар»

7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық мәдениет үйінде Қарабастау ауылдық кітапханасы және мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұранды елдің — ұрпағы қайсар» атты кездесу сағаты өтті.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.