7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Р.Қалтай, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ж.Байболовтың қатысуымен «Елін қорғау — ұрпаққа аманат» атты патриоттық сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.
