7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында Боралдай ауылдық округі әкімінің бас маман — әскери есеп стол инспекторы Еламан Сәкенұлы, жастар ісі нұсқаушысы Бестай Нариман және №8 Сүгірбай Бәйтіков атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ел ертеңі — бүгінгі жас ұландар» атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.
