«Әдебиет әміршісі — Мұхтар Мағауин»

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай «Әдебиет әміршісі — Мұхтар Мағауин» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кеш барысында №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің оқушылары Болатхан Нұрали, Құрманғали Ақтілек, Қалмахан Айзере, Алиханова Данеля, Чакова Крестина, Пірім Балауса жазушыға арналған өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, Жамбылхан Ерназар Мұхтар Мағауиннің «Шахан шер» романынан үзінді айтты. Жамбылхан Ерназар, Төрехан Алмас, Қуанышбай Айсұлтан, Бердіқұл Әсел, Әкімбек Інжу «Ерке сылқым», «Келіншек» күйлерін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Айжан Жанабаева «Әдебиет әміршісі — Мұхтар Мағауин» атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Тарихтан тағылым тартқан» әдістемелік құрал, «Қазақ халқының әдебиетімен қоса тарихын тереңдеткен тұлға» библиографиялық көрсеткіш, «Мұхтар Мағауин — орнықты дарын, үлкен талант» атты ауызша журналын және кітап инсталляциясымен таныстырды. Кітапхана директоры Қайсар Асилбеков қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.