«Отбасы — бақыт мекені»

ОТБАСЫ КҮНІ

Жуалы аудандық орталық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Отбасы — бақыт мекені» атты әдеби сазды кеш өтті. Кешті «Топжарған» оқу орталығының бүлдіршіндері «Қазақ» биімен бастап, №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Мирас Ғали «Жаным қазақ» әнін орындады. №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары «Отбасы» туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, қатысқан қонақтар өз ойларымен бөлісіп, жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін берді. Кітапханашы А.Тәліпбек «Отбасы-бақыт ұясы» атты кітап көрмесімен таныстырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Кешті №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Мейірлан Пернеқұл «Ана» әнімен қортындылады.

Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.