МӘДЕНИ МҰРА — МӘҢГІ МИРАС
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында “Мәдени мұра — ұрпақ құндылығы” атты кітапханалық мақсаттық бағдарлама аясында «Атамұра» қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен “Ұлттық салт-дәстүр ұрпаққа мұра” атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру, тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
