Әкім Тарази – қазақ әдебиеті, киносы мен драматургиясының дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға. Оның қаламынан шыққан туындылар қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алды. Жазушының тарихи, философиялық, әлеуметтік тақырыпты тереңнен тербеген шығармалары бірнеше буын оқырманның рухани жан азығына айналды. Оқырман оны «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты.
Жуалы аудандық орталық кітапханасы №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясысының оқушыларының қатысуымен «Сөз әлімінің сардары» атты әдеби алаң өтті. Кеш барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары Лесбек Әсет «Тасжарған» романынан үзінді оқыса, Нұржан Айару «Тауға, тасқа салғанда шағылмаған», Аяпберген Нұрдина «Ақ жұлдызды көгінен көрінгенде» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Кітапханашы А.Тәліпбек «Әкім Тарази әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасап, кітап инсталлициясымен таныстырды.
Мақсаты: Оқырмандарды Ұлт тарихын оқи отырып, ондағы ұлы тұлғалар бейнесін оқып үйренуге, шығармашыл жаңа ұрпақты қалыптастыру, оқуға құштарлығын арттыру.
