“Асыр салып қуансын, бала біткен”

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында “Өнерлі өрен” қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен “Асыр салып қуансын, бала біткен” атты сурет салу сағаты өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.