“Бақытты балалық шақ”

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында «Бақалы» бөбекжай-балабақшасының «Ақкөгершін» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен “Бақытты балалық шақ” тақырыбында ойын әлемі өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.