«Біз бақытты балдырған»

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында «Қарасаз» бөбекжай-балабақшасының «Ақбота» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Біз бақытты балдырған» атты ертеңгілік өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.