«Тау тұлға, дара тұлға — Бауыржан»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Ақсуат» шекара бекеті сарбаздарының қатысуымен «Тау тұлға, дара тұлға — Бауыржан» атты патриоттық сағаты өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.