«Қазақ әдебиетінің абызы — Әкім Тарази»

Әкім Тарази – қазақ әдебиеті, киносы мен драматургиясының дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға. Оның қаламынан шыққан туындылар қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алды. ​​​​​​​​​​​Жазушының тарихи, философиялық, әлеуметтік тақырыпты тереңнен тербеген шығармалары бірнеше буын оқырманның рухани жан азығына айналды. Оқырман оны «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты.

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында «Әдебиет әлемінде әкімі» атты танымдық кеш өтті. Кеш барысында №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары Қуатбекұлы Нұрдәулет, Оспан Мерей, Нұрболқызы Жанерке жазушының шығармаларынан үзінді оқыса, Еңсебек Арман жазушының өмірбаянымен таныстырды. Әдіскер Г.Жамантаева «Қазақ әдебиетінің абызы — Әкім Тарази» атты кітап көрмесіне шолу жасап, кітап инсталлициясымен таныстырды.

Мақсаты: Оқырмандарды Ұлт тарихын оқи отырып, ондағы ұлы тұлғалар бейнесін оқып үйренуге, шығармашыл жаңа ұрпақты қалыптастыру, оқуға құштарлығын арттыру.