«Әрқашан күн сөнбесін»

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында «Боралдай» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында сурет салу өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.