“Сен жалғыз емессің”

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Сен жалғыз емессің” тақырыбында ертеңгілік өтті. Іс шара барысында ерекше бала Алғыс Алдабергенге жақсы лебіздерің білдіріп, сый-сияпат жасады.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.