«Ел рәміздері — Тәуелсіздік тірегі»

4 маусым — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ

Мемлекеттік рәміздер — еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ел рәміздері — Тәуелсіздік тірегі» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандардың Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет сезімдерін арттыру, мақтан тұтуға, дәріптеуге баулу, танымдарын кеңейту Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу, ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.