«Рәміздерім — мақтанышым»

4 маусым — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ

Мемлекеттік рәміздер — еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Рәміздерім — мақтанышым» атты елтану сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандардың Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет сезімдерін арттыру, мақтан тұтуға, дәріптеуге баулу, танымдарын кеңейту Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу, ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.