«Бағына талай миллионның баянды Жеңіс күні жетті»

«ЕЛ ҮШІН ТУҒАН ЕРЛЕР» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ
Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы Бауыржан Момышұлы музейінде Отан үшін жан қиған ата-бабамыздың, Жеңісті көре алмай кеткен боздақтардың рухына бас ие отырып, Отан үшін от кешкен батырларымыздың ерлігін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ету, оларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ел үшін туған ерлер» облыстық байқауына Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Бағына талай миллионның баянды Жеңіс күні жетті» атты тарихи-әдеби танымдық кеш ұйымдастырылды.
Бауыржан Момышұлы музейінің алдында «Ерліктің, адалдықтың асқар шыңы», «Бауыржан Момышұлы» фотогаллерея, «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат», «Отан қорғап, ел үмітін ақтағандар», «Ерлікпен келген Ұлы Жеңіске – 80 жыл» атты кітап көрмелер, Батыр Бауыржан Момышұлының медальдары, Жуалыдан шыққан Кеңес Одағынын Батырлары фотогаллереясы мольбертқа қойылды, «Ұлы Жеңіске 80 жыл», «Мәңгілік алау», «Танкі», «Рақымжан Қошқарбаев», «Талғат Бигелдинов», шөптін үстіне көне заттар қойылған көрме-инсталляциялар, Жуалы ауданынан шыққан 14 генерал, жергілікті ақын-жазушыларына арналған стендтері қойылды.
Іс шарада қазақтың қос батыр қызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың хаттары, Жуалыдан шыққан халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына арналған арнау өлеңдер, жазушы Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті» шығармасынан сахналық қойылым, Шерхан Мұртазаның «41 жылғы келіншек», «Соғыстың соңғы жесірі», жазушы, ақын Мұхтар Шахановтың «Ғайша» өлеңіне көрініс, «Жуалы», «Батыр Бауыржан», «Ана туралы баллада», «Жеңіс күні» әндері орындалып, кеш көрермендерін ерекше толғандырды.