16 маусым — ӘКЕЛЕР КҮНІ
Әке – балаларға өмірдің жолын көрсететін жарық шам!
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында ардақты әкелер Ш.Мұңзат, Б.Сауқымбек және №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 1-5 сынып оқушыларының қатысуымен “Менің әкем жақсы адам!” атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау, Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу.