16 маусым — ӘКЕЛЕР КҮНІ
Әке – балаларға өмірдің жолын көрсететін жарық шам!
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасы ардақты әке Т.Садықовтың отбасының қатысуымен “Саналы түрде әке болу» атты тәлім сағатын өтті.
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау, Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу.
