Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында Ертай ауылының имамы Есалиев Нұржан Мәдиұлы, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Дін және ғылым» тақырыбында имандылық сағаты өтті.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
