«Балалар әдебиетінің бағбаны»

Балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаев — 100 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Балалар әдебиетінің бағбаны» тақырыбында ақпарат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, туған жерге деген мақтаныш сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, жазушының шығармалары арқылы адамгершілікке, жауапкершілікке, барлық жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.