26 маусым — Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күні
Жуалы аудандық орталық кітапханасы Жуалы аудандық орталық ауруханасының профилактика бөлімінің «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің психолог маманы Сейтаева Венера Серікқызымен бірлесе «Есірткі — адамның қасы, аурудың басы» атты маман кеңесі өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.
