«Нашақорлық — ғасырдың тұзағы»

26 маусым — Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күні

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Нашақорлық — ғасырдың тұзағы» атты ақыл-кеңес сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.