«Абай мұрасы — халық қазынасы»

Ұлы ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаев — 180 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында Жуалы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Әуесбек Еркебұлан Нұрлыханұлы, Жуалы аудандық ПҚБ есебінде тұрған азаматтар мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Абай мұрасы — халық қазынасы» атты Абай оқулары өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.