12 тамыз — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ
Асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы — ол жастар! Жастар кез-келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі, ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі.
Жуалы аудандық орталық кітапханасы кітапхана оқырмандары және «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ басталады» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Мақсаты: Жастардың бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
