«Жастық жалынмен — жарқын болашаққа «

12 тамыз — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ

Асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы — ол жастар! Жастар кез-келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі, ұлт үмітін арқа­лаған ел ертеңі.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Жас қыран» қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен «Жастық жалынмен — жарқын болашаққа » тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Жастардың бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.