“Қазақ вальсінің королі”

Композитор, сазгер, Шәмші Қалдаяқов — 95 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Қазақ вальсінің королі” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне шолу жасау, шығармашылық жолымен танысу.