» Сағынышқа айналған сазгер»

Композитор, сазгер, Шәмші Қалдаяқов — 95 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында «Білімді ұрпақ» қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен » Сағынышқа айналған сазгер» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне шолу жасау, шығармашылық жолымен танысу.