Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы ”Мен ертегіні жақсы көремін“ жобасы аясында “Еркетай” қызығушылық клуб мүшесі А.Бостанның қатысуымен “Сәбиге өмір сыйлаған құдрет” атты библиофреш ұйымдастырды.
Мақсаты: Балаларға ертегі айту арқылы сөздік қорларын дамытып, тiл байлықтарын молайту, сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту, достық жанашырлыққа тәрбиелеу.