Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Құқық — әділетпен парасат жолы” тақырыбында әңгіме өтті.
Мақсаты: Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және жасөспірімдермен жасалатын тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.
