ЯДРОСЫЗ ӘЛЕМ

ЯДРОСЫЗ ӘЛЕМ

Бүгінде ядролық сынақтың полигоны жабылған күн – қазақ ұлты үшін ғана емес, әлем халықтары үшін де ерекше маңызы бар тарихи оқиға. Ардагерлерді Отан алдындағы абыройлы борышын адал атқарғаны үшін болашақ ұрпақ құрметтейді. Осындай ілтипаттың бір парасы бүгін көрініс тапты.

Аудандық орталық кітапханада Семей полигоны зардабын жоюға қатысқан ардагерлерінің қатысуымен «Ядросыз әлем» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.