Бүгін — ақын, жазушы ӘКІМ ЫСҚАҚТЫҢ туған күні.

Бүгін — ақын, жазушы ӘКІМ ЫСҚАҚТЫҢ туған күні.
 Қазақстан парламентаризмінде тұңғыш қазақ тілінде, әрі Үкіметке баламалы негізде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. 1997 жылы «Жыл адамы» атағын алған. Ордабасы ауданының Құрметті азаматы. «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «Астана» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған. Моңғолияның «Шыңғысхан» медалінің иесі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.