«Ауыл Live: Бәріміз бірге»

«АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ»

Ақтөбе, Қызыларық ауылдық округтерінің ұйымдастыруымен «Ауыл Live: Бәріміз бірге» тақырыбында аудандық өнер фестивалі өтті. Іс шара барысында Сұрым ауылдық модельді кітапханасы және Бәйтерек,Жаңаталап, Ақтөбе ауылдық кітапханалары «Ұлы Жеңіске 80 жыл», Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл, Қазақ халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл, ҚР Конституциясына 30 жыл толуына орай түрлі кітап көрмелерін ұйымдастырып, «Абай дана, Абай дара», «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім — Бауыржан Момышұлы» атты кітап көрмелері мен кітап инсталляциясын Сұрым ауылдық модельді кітапханасының әдіскері Рустемова Гаухар таныстырды. Шара барысында Бәйтерек ауылдық кітапханасының оқырманы Абдуғаппар Жанел Б.Момышұлының «Ескертпе» өлеңін, Ақтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Қалдау Еркеназ Абайдың «Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы» өлеңін жатқа оқып берсе, Жаңаталап ауылдық кітапханасының әдіскері Айман Алтайбекова «Елге сәлем» әнін орындап көрермендер көңілінен шықты.