Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл

Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл
Бауыржан Мұқанұлы Үсенов 1960 жылы Қошқарата ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінде қызмет істеген. 1986 жылғы Желтоқсан көтерлісіне қатысқан.
Бауыржан Үсенов бар болғаны 31 жасында дүниеден өтті. Оның аз да болса мағыналы ғұмыр кешкенін соңында қалған бір томдай өлең-жырлары айқын дәлелдейді. Көзі тірісінде ақынның өлеңдері газет-журналдарда, ұжымдық жинақтарда жарияланғаны болмаса, өз алдына жеке кітап болып шықпаған. Көз жұмған соң «Табиғат терезесі», «Маңдайыма жазылған мәңгілігім» (2001 ж. «Елорда» баспасы), «Менің бұлтым» («Жазушы» баспасы 2012ж) атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Әлі де жарияланбаған дүниелері баршылық.
Бауыржан Үсенов көзі тірісінде жастардың республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанған. Қайрат Рысқұлбеков туралы поэмасы «Жалынның» жабық бәйгесінде екінші жүлдеге ие болған.
Бауыржан Үсенов сұлу сазды оншақты әннің авторы. Өзі айтыскер ақын да болған еді. Ол 1991 жылы дүниеден өтті.