«Ұлы халықтың – Ұлы Абайы»

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты әдеби сазды кеш өтуде.