Профессор Запаров Иедетхан Расылханұлы 75 жаста

Запаров Медетхан Расылханұлы, Қаныш Сатпаев атындағы ұлттық техникалық университетінің мұғалімі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор.
Медетхан Запаров 1950 жылы Ақтоған ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1967 жылы Жаңаталап ауылында киномеханик болып бастады. Одан кейін азаматтық борышын өтеу үшін әскерге алынады. Әскерден оралған бетте Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтына түсіп, «геологиялық барлау»факультетінде білім алады. Институтты «жер асты суын іздестіру» мамандығы бойынша бітіріп, Қазақстан Республикалық селден қорғау басқармасына инженер болып қабылданады. Инженерден бастап қызмет баспалдағымен басқарма бастығы қызметіне дейін жоғарылады. Осында жүріп ғылыми жұмыспен айналысты. 2000 жылы «Оңтүстік Қазақстан өңірін селден және тағы басқа да табиғи апаттардан қорғау тақырыбында кандидаттық дисертациясын қорғады. Ал 2005 жылы түпкілікті ғылыммен айналысу үшін Қ.Сатпаев атындағы ұлттық техникалық университетіне ауысып доцент қызметін атқарды. 2013 жылы профессор атағын алды. Медетхан Расылханұлы бұл жылдарда ол Қазақстан ғылым академиясының ішіндегі география инстиутымен бірге Қазақстан Республикасының Атласын жасауға қатысты.
«Геоэкология», «Өртке қарсы сумен жабдықтау» және «Экологиялық гидрогеология» атты кітаптары, ғылыми журналдарда елуге жуық ғылыми мақалалары жарияланған.