Отбасы — сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында ауыл тұрғыны Бағлан Сувалиев жары Насихат Кипралиеваның қатысуымен «Отбасы — өмір аясы» тақырыбында таным сағаты өтті. Кеш барысында Б.Сувалиев оқырмандарға ақыл-кеңесін айтып, бастарынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Кітапханашы Г.Пернебек «Отан-отбасынан басталады» атты кітап көрмесімен таныстырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
