Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Өз құқығыңды білгенің — дұрыс өмір сүргенің» атты құқық сағаты өтті.
Мақсаты:Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және жасөспірімдермен жасалатын тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.
