«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Талапты ауылының тумасы Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 93 жыл толуына орай Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Аңыз және абыз» атты әдеби алаң өтті.
Мақсаты: Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер,қазақтың мұңын мұңдаған,жоғын жоқтаған қайраткер, қазақ журналистикасының өзіндік мектебін қалыптастырған ұстаз, жазушы Шерхан Мұртазаның өмірі мен еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, жастарды рухани, патриоттық тәрбиеге баулу.
