“Жарқырап өткен жыр-ғұмыр”

Ақын, журналист Бауыржан Үсенов — 65 жыл
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қошқарата ауылының тумасы ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушыларының қатысуымен “Жарқырап өткен жыр-ғұмыр” атты әдеби алаң өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.