ҰСТАЗДАР КҮНІ
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында мәдениет үйінің маманы С.Иманбаева, кітапхананың тұрақты оқырмандары және «Мерей» қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен «Ұстаз — ұлы тұлға» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұстаздардың еңбегін бағалап, оларға алғыс білдіру, білім алушылардың ұстаздық мамандыққа деген құрметін қалыптастыру.
