1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.
Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.
