Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мереке — 24 қазан – Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер — кітап пен білімнің аман-сақшысы, рухани мұраның сақтаушысысыздар. Оқырманға жол ашып, ізденісті арттырып, мәдениетіміз бен ғылымымыздың дамуына үлес қосып келесіздер. Осындай салмақты әрі жауапты қызметте адал еңбек етіп жүргендеріңіз үшін алғысымыз шексіз.
Сіздерге зор денсаулық, табысты еңбек, шығармашылық шабыт тілейміз. Оқырмандарыңызға әрдайым қуаныш сыйлап, кітапханаңыз әрдайым оқушы мен ізденушілерге ашық, қызықты орын болып қала берсін.