Қазақ елі — менің Отаным

25 қазан – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігіміздің, тарихи қауымдастықты түсінуіміздің және республиканың елеулі әлеуетінің белгісі.
 Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбеқ батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Қазақ елі — менің Отаным» атты өнер сағаты өтті.
 Мақсаты: Республика күнінің маңыздылығын көрсету, біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен елдің бірлігін, татулығын нығайту.