КІТАПХАНАШЫЛАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН КҮН

КІТАПХАНАШЫЛАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН КҮН
🌷Жуалы ауданында кітапхана саласының қызметкерлері кәсіби мерекелері және 25 қазан — Республика күні қарсаңында түрлі марапаттарға ие болды.
📎Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Жанерке Сейдалиева Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» медалімен марапатталды.
📎Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Шарифат Каниева Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Алғыс хатымен марапатталды.
📎Бірыңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиева Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
📎Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Мөлдір Бахтиярова Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Гүлнұр Егеубаева, аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Арайлым Біттібай, және Рысбек батыр ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ғалия Тәжібаева Жуалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
📎Қошқарата ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ұлжан Көкеева Жуалы аудандық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.
📎Аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Әсел Тасжүрекова, Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Жансая Олжабай және Көктөбе ауылдық кітапханасының әдіскері Динара Дадашова «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен марапатталды.
📎Құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің кітапханашысы Зоя Лепесханова, Бәйтерек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұрсұлу Пакеева аудандық мәдениет бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
📎Кәріқорған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айжан Жанабаева орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының «Үздік кітапханашы – 2025» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталды.
📎Ал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қарауылы Айдар Көбей Жуалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
_________________________________________________________________________________________________________
✍🏼Құрметті әріптестер!
Сіздердің кітапхана саласындағы табанды еңбектеріңіз бен мәдениетіміздің дамуына қосқан үлестеріңіз лайықты бағаланып отыр.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен жаңа жетістіктер тілейміз!
✍🏼Оқырманға білім мен рухани байлық сыйлау жолындағы еңбектеріңіз жемісті бола берсін!