Медицина ғылымының докторы, профессор Төрегелді Шармановтың туғанына 95 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «XX ғасыр — денсаулық сақтау ісінің Ұлы Хартиясы» атты денсаулық сағаты өтті.
Мақсаты: Медицина ғылымының көрнекті өкілі, профессор Төрегелді Шармановтың өмірі мен еңбегін насихаттау, оның денсаулық сақтау саласындағы жаңашыл идеялары мен ұлт саулығына қосқан үлесін жастар мен ауыл тұрғындарына таныстыру.
