ТУҒАН ӨЛКЕМ — ТҰНҒАН ШЕЖІРЕ
Қасиет дарып, құт қонған Жуалы өңірі, қазына мен іске салсаң қуаттанатын, өнерге келсең шуақтанатын таланттарға әуелден-ақ бай мекен.
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Құт қонған өлкем — Жуалы» тақырыбында өлкетану сағатын өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру.