«Ұлан даланың алып ұлы — Бауыржан Момышұлы»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы аудандық орталық кітапханасы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Жуалы аудандық ПҚБ бастығы, әділет капитаны Б.А. Бекмолдаев және пробация қызметі есебінде тұрған түзету мекемелерінен босап келген азаматтардың қатысуымен «Ұлан даланың алып ұлы — Бауыржан Момышұлы» атты танымдық-портреттік кеш өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарман, батыр Бауыржан Момышұлының ерлік жолын насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және пробация қызметі есебіндегі азаматтардың рухани дамуына қолдау көрсету.